Оқу бойынша нұсқаулық

 

Онлайн оқу бойынша нұсқаулық

Курсты таңдау және ұпайларды санау 

1.      Оқуды бастау үшін "сабаққа өту" батырмасын басыңыз  немесе жоғарғы жолақта "сабақтар" парақшасын ашыңыз. Таңдалған сабаққа басу арқылы сіз тапсырма орындауды бастай аласыз. Ережелерді, мысалдар мен түсіндірмелерді мұқият оқып шығыңыз, содан кейін жаттығуларды орындауға көше берсеңіз болады. Егер бұл деңгей сізге тым оңай болып көрінсе, онда сіз келесі деңгейдегі сабақтарды бастай аласыз. Сұрақтар туындаған жағдайда, support@qlang.kz электронды поштасына жазыңыз.

2. Әр сабақта интерактивті тақтаның үстінде сабақ кезінде жиналған ұпайлар шкаласы бар. Егер сіз сабақ тапсырмаларының 50% - дан астамын дұрыс орындаған жағдайда ғана, сабақ өтілген болып есептеледі. Өткен сабақтар мен сіз жинаған ұпайлардың жалпы саны жеке кабинеттің басты бетінде, жоғарғы жағында (студенттің прогресс көрсеткіштерінде) көрсетіледі.

3. Сондай-ақ сіз басқа курстардан (деңгейлерден) сабақ ала аласыз, бірақ бұл жағдайда сабақтар жалпы индикаторларда «Өтілген» ретінде белгіленбейді және өткен сабақтарды жалпы санау кезінде ескерілмейді.

4. Деңгейді сәтті аяқтағаны туралы сертификат алу үшін Сіз курстың барлық сабақтарынан өтіп, әр сабақ бойынша кемінде 50% ұпай жинауыңыз керек.

 Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

1. Онлайн сабақтарға аудио нұсқаулар, теория және практикалық тапсырмалар кіреді. Тапсырмаларды тиімді орындауға көмектесетін сабақтардағы барлық аудио жазбаларды мұқият тыңдауды ұсынамыз.

2. Практикалық жаттығуларды орындау үшін жаттығулардың барлық ережелері мен тапсырмаларын мұқият оқып шығыңыз.

3. Жауапты қажетті өріске енгізгеннен кейін, берілген жауап есептелуі үшін "Enter" батырмасын басу керек. Әйтпесе, жауап есептелмейді және берілген жауап үшін ұпайлар берілмейді.

4. Әрбір дұрыс жауап сіздің жалпы ұпайыңызға 2 ұпай қосады. Егер сіз тек екінші әрекеттен дұрысын енгізсеңіз де, толық 2 ұпай жинай аласыз. Үшінші әрекетте-1 ұпай. Қатарынан үш рет қате енгізілген жауаптар жағдайында сіз 0 ұпай жинайсыз. Ұқыпты болыңыз және жауап беруге асықпаңыз.

5. Жауапты енгізудің 3-ші әрекетінен кейін берілген өрістің жанында "кілт" белгісі пайда болады, оны басқан кезде Сіз дұрыс жауапты көре аласыз.


Расскажите друзьям
Рубрика: Истории успеха 16 Sep 2024